Түсеев Тұрғара-физика-математика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы, қатты денелер физикасының маманы, 09.05.1941 жылы дүниеге келген. Түсеев Т. 1959 Санкт- Петербург (Россия) университетінің физика факультетіне оқуға түседі және ол оқу орнын 1965 жылы ядролық физика мамандығы бойынша бітіреді. 1966 жылдан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясына қарайтын Ядролық физика институтына инженер болып орналасады. Осы институтта 1966-1991 жылдары арасында кіші ғылми қызметкер, аға ғылми қызметкер болып істейді. Қатты денелер физикасының жаңа саласы-радиациялық физикамен айналысып, осы саладан кандидаттық (1982) және докторлық (1999) диссертациялар қорғайды. Т.Түсеев жүзден астам ғылми мақалалар мен жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралдарының авторы, көптеген ғылми конференцияларға қатысқан. Түсеев Т. 1991жылы жаңадан ашылған Х.А.Яссауй атындағы қазақ-түрік университетінің арнаулы шақыруы бойынша осында жұмысқа ауысып, ол жерде он жыл бойы доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады. 2001-2018 (ақпан) жылдары Ядролық физика институтында жетекші ғылми қызметкер. 2002-2016 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің профессоры. Түсеевт Т. халық шаруашылығының әртүрлі салаларында істейтін жоғары білімді төрт баланың әкесі, бірнеше немерелердің атасы. Т Түсеев Санк-Петербургте окып жүрген кезде “Жас тұлпардын” осы қаладағы бөлімшесінің ұйымдастырушыларының бірі болған. Сексенінші жылдардың аягы мен тоқсаныншы жылдардың бастарында АЛАТАУ кентінде “Қазақ тілі” қоғамын басқарған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
04.10.2000 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
06.04.1994 |
4
құжаттар
1